Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 45 градусқа дейін ысиды: Синоптиктер Оңтүстік Қазақстан тұрғындарына аптап ыстық туралы ескертті

45 градусқа дейін ысиды: Синоптиктер Оңтүстік Қазақстан тұрғындарына аптап ыстық туралы ескертті

Алдағы күндері Оңтүстік Қазақстанда аптап ыстық болады. 17-19 шілде күндеріне ауа райы болжамын жасаған синоптиктер дабылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Қазгидромет» РМҚ-ға сілтеме жасап. 

Синоптиктердің мәліметінше, 18-19 шілдеде күндіз Түркістан облысының басым бөлігінде 40-43 ⁰С қатты ыстық болады. Кей жерлерде күн 45 градусқа дейін ысиды деп күтіледі. 
18-19 шілдеде күндіз Түркістан қаласында 45⁰С ыстық болады. 
18-19 шілде күндіз Шымкент қаласында 40-42 ⁰С ыстық болады деп болжануда. 
Мамандар 17-19 шілде күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде 40-45⁰С ыстық болады деп болжап отыр.
Дабылды ескертудің ықтималдылығы – 90-95 %.
/stan.kz
16 шілде 2019 ж. 724 0