Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада 47 градус ыстық болады

Қызылордада 47 градус ыстық болады

Ауа райының бұзылуына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды, деп хабарлайды Қазгидромет.
3-4 маусым күндіз Қызылорда облысының оңтүстігінде 47 градус қатты ыстық болады. 3 маусымда Қызылорда облысында оңтүстіктен және оңтүстік-шығыстан жел соғады. Желдің жылдамдығы кей жерлерде 15-20 м/с дейін күшейеді.
3 маусым күндіз Атырау облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, шаңды дауыл соғады. Шығыстан және оңтүстік-шығыстан жел соғады. Жел қарқыны – 15-20 м/с. 35-37 градус аптап ыстық болады.
3 маусымда Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.
3-4 маусымда Алматы облысында 35-38 градус аптап ыстық сақталады.
kyzylorda-news.kz/​​​
02 маусым 2020 ж. 811 0