Грекиядағы өрттен 81 мың гектар жер күлге айналды
Грекияның Эврос аймағындағы орман өрті дес бермей тұр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
2 апта бұрын басталған қызыл жалын 81 мың гектар жерді күлге айналдырған. Мыңдаған адам баспаналарын тастап, қауіпсіз жерге көшуге мәжбүр болды. Тілсіз жаумен 600-ден аса өрт сөндіруші күресіп жатыр. Еуроодақ елдері аймаққа тағы қосымша көмек жөнелтті.
Еуропалық Одақта мұндай ірі орман өрті бұрын соңды тіркелмеген. Осы себепті біз Грекияға 400-ден аса өрт сөндіруші аттандырып, 12 ұшақ пен 60 арнайы техника жөнелттік. Бұдан бөлек, лаулаған жалынды бақылау үшін Жер серігі жүйесін қолдануға көштік, - деді Еурокомиссияның ресми өкілі Балаш Уйвари.