Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Түнгі клубта болған өрттен 13 адам қайтыс болды

Түнгі клубта болған өрттен 13 адам қайтыс болды

Полицейлер бұдан бөлек тағы 14 адам іздестіріліп жатқанын айтады.

Туған күн тойлауға барған: түнгі клубта болған өрттен 13 адам қайтыс болды
www.bbc.com
Испанияның Мурсия қаласындағы түнгі клубтардың бірінде өрт шығып, 13 адам қаза тапты, деп хабарлады turkystan.kz bbc.com-ға сілтеме жасап.

Қалада танымал саналатын Teatre түнгі клубында таңғы сағат алтыда өрт шыққан. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, қайтыс болғандардың арасында туған күн тойлауға келген бір отбасы мүшелері де бар.

Полицейлер бұдан бөлек тағы 14 адам іздестіріліп жатқанын айтады. Өрттің болғанына 15 сағат өтсе де, әлі неден тұтанғаны анықталған жоқ. Алайда қала әкімі Хосе Бальеста өрттің клубтың екінші қабатында болғанын айтады. Әрі ол қалада аза тұту күні жарияланып, үш күнге жалғасатынын мәлімдеді.

turkystan.kz
02 қазан 2023 ж. 406 0