Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » NBA ойыншысын түнгі клубта сабап кетті

NBA ойыншысын түнгі клубта сабап кетті

ҰБА "Даллас Маверикс" клубының сұрмергені Кристап Порзингис (бойы - 221 сантиметр) Латвияның Лиапея қаласындағы түнгі клубтардың бірінде жанкүйерлермен төбелестіОқиға 11 мамырда Cukurfabrik клубында болған. Жанжалдың неден шыққаны белгісіз, спортшының өзі болса ту сыртымнан шабуылдады деп отыр.  "Ол мені ұрды да қысып қалмақшы болды, алайда мен одан шығып кетіп, есе қайтардым. Астанң-кестеңі шықты, бір ер адам маған қара үстел лақтырды. Дәл еліп басыма тиді", - деді Порзингис. Клуб күзетшілері төбелес шығарғандарды сыртқа алып шыққан. Сол жерде олар тағы жанжалдасқан. Бірнеше БАҚ өкілдері Порзингисті ресейлік жанкүйерлер ұрып соққанын жазды. Оған оның кенеттен "Нью-Йорк Никс" клубынан "Даллас Маверикс" командасына ауысып кетуі себеп болуы мүмкін. Алайда жергілікті басылымдар төбелескендер арасында орыс тілді жергілікті тұрғындардың болғанын, алайда оның спортқа еш қатысы жоғын айтады. Ерегес қыз үшін болған.  "Бетімнің бәрі қанға боялды, қолымды жарақаттап алды, бірақ бәрі де жақсы болады", - деді 23 жастағы баскетболшы.  Полицейлер келген уақытта жанжал аяқталған еді, сол себепті ешқандай құрықтау шаралары болған жоқ. Соған қарамастан "Даллас Маверикс" өз ойыншысына шабуыл жасалғанына байланысты тергеу жүргізіп жатыр.  Наурыздың соңында Порзингисті зорлық ісі бойынша айыпталды - оның бұрынғы көршісі баскетболшының үстінен шағымданған.
https://kaz.tengrinews.kz

13 мамыр 2019 ж. 746 0