Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Оралда сабақта отырған мұғалім мен 15 оқушы ауруханаға түсті

Оралда сабақта отырған мұғалім мен 15 оқушы ауруханаға түсті

Оралда мұғалім мен 15 бірдей оқушы сабақта отырған жерінен ауруханаға түсті. Тағы да 300-ге жуық оқушы эвакуацияланды. Мектептегілер белгісіз заттан уланып қалған. Бұл туралы Stan.kz КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Зардап шеккендер газдың иісінен уланғандарын айтады, алайда мектеп басшылығы газ жүйесінде ешқандай ақау болуы мүмкін емес деп сеніммен айтып отыр.
Үлкен үзіліс кезінде оқушылар мектеп дәлізінен біртүрлі иіс сезген. Хал-жағдайлары нашарлағанын айтып шағымданған. Мектеп әкімшілігі балаларды бірден сыртқа алып шықты.
Ал директор мектепте газ жоқ екенін айтады.
15 оқушы белгісіз заттан уланды деген диагнозбен бірнеше сағат ауруханада өткізген. Қазір барлығының жағдайы бірқалыпты, үйлеріне қайтарылған. Ал күйзелісті бастан кешкен мұғалім ауруханаға жатқызылды.
Балалардың неден уланғанын қазір полиция анықтауда.
 
Stan.kz​​​
05 қазан 2018 ж. 1 424 0