ШҚО-да мұғалім мектепте босанып, сәбиін дәретханаға тастаған

Бұл ақпаратты ауылдағы мектептегілер растады. Мектептегі қызметкерлер ондай жағдай 7 сәуір күні болғанын айтты. Педагог-психолог мектеп қабырғасында босанып, нәрестесін далада орналасқан дәретханаға тастай салған.
«Сәби шетінеп кетті. Мұғалім тұрмысқа шықпаған», - дейді мектептегілер.
Үржар аудандық білім басқармасы төтенше жағдай туралы пікір білдірді.
«Бізге бұл туралы мектеп директоры хабарлады. Қазір қылмыстық іс қозғалғаны туралы ешқандай ақпарат білмейміз», - дейді басқармадағы маман.
Baq.kz