Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Алматылықтар қазақ күресінен тегін үйренеді

Алматылықтар қазақ күресінен тегін үйренеді

Алматыдағы №45 жалпы білім беру мектебінде қазақ күрес секциясы ашылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы ақпараттық және спорттық ХАБ мәлімдеді.

Бұл іс-шараның салтанатты ашылуына мектеп директоры Шәрбану Арқабаева мен «Almaty qazaq quresi» клубының директоры Шалқар Алдабергенов қатысты.
"Біз Алматының барлық ауданындағы орталық мектептерінде осындай тегін секциялар ашамыз деп жоспарлап отырмыз. Қазір балалар Атлетикалық ауылда, «Спартак» стадионында орналасқан тегін залдарда дайындалып жүр, жақында Қазақ спорт және туризм академиясында ашамыз, - дейді клуб директоры Шалқар Алдабергенов.
Оның айтуынша қатысушылар саны күннен күнге артып келеді. Алдағы уақытта осы секцияларда аудандық жарыстар өтіп, атақты палуандар өз шеберлік сабақтарын өткізетін болады.
Жаттығулар келесі аптадан бастап, дүйсенбі, сәрсенбі, жұма күндері өткізілетін болады. Кез келген 6-18 жастағы қатысам деушілер келіп «Almaty Qazaq quresi» бапкері Зәмзәгүл Файзуллановаға жазылса болады. Ол бүгін келушілерге тәжірибесімен бөлісті.
"Біздің мектепте осындай секция қала әкімдігінің қолдауымен ашылғанына қуанып отырмыз. Қазақ күресі спортын дамытуымыз керек", - дейді мектеп директоры Шәрбану Арқабаева.
Айта кету керек, «Almaty qazaq quresi» кәсіптік клубына қаланың абыройын қорғап жүрген қазақ күресінің шеберлері қатысады.














08 сәуір 2018 ж. 1 232 0