Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлемдегі ең үлкен айсберг 37 жылдан кейін орнынан қозғалды

Әлемдегі ең үлкен айсберг 37 жылдан кейін орнынан қозғалды

Шамамен 4000 шаршы шақырым аумақты алып жатқан алып мұз қозғала бастады. A23a айсбергі континенттен 37 жыл бұрын бөлінген, бірақ ұзақ жылдардан бері қозғалыссыз болған, деп хабарлайды Egemen.kz Euronews арнасына сілтеме жасап.

Төрт мың шаршы шақырымнан астам аумақты алып жатқан алып мұз қабаты 1986 жылы континенттен бөлініп кеткен. Ол Уэдделл теңізінде ондаған жылдар бойы қозғалыссыз тұрған еді.

Айсбергті қозғалысқа келтіретін ықтимал себептердің бірі - жаһандық жылыну.

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш өткен аптада Антарктидаға барды. Антарктидадағы теңіз мұзының деңгейі рекордтық минимумға жеткен. БҰҰ басшысы барлық елдердің үкіметтерін жаһандық температураның Цельсий бойынша бір жарым градусқа дейін көтерілуін шектеу үшін қажетті шараларды қабылдауға шақырды.

Сурет ашық дереккөзден
02 желтоқсан 2023 ж. 648 0