Тығырыққа тірелді: Изариль Катардан келсіссөз жүргізушілерді көмекке шақырды

Бұл туралы премьер-министр Беньямин Нетаньяху кеңсесінде айтылды.
Парсы шығанағы елдерінде ХАМАС пен Израиль арасында жеті күнге созылған келіссөздер бітімге әкелген еді.
Алайда Израиль Хамасты келісімдегідей кепілге алынған барлық әйелдер мен балалардың қайтарылуын қамтитын бөлігін орындамады деп айыптады.
Ал Хамас өз мәлімдемесінде Израиль мен АҚШ-ты диалогты тоқтатқаны үшін айыптады. Содырлар тобының мәлімдеуінше, Израиль тұтқындарды айырбастау және Газа секторын бомбалау кезінде қаза тапқан кепілге алынғандардың мәйіттерін беру туралы ұсынысынан бас тартқан.
Хамас саяси бюросы басшысының орынбасары Салех әл-Арури Әл-Жазираға келіссөздер аяқталғанын растап, атысты тоқтатылмайынша, кепілге алынғандар босатылмайтынын айтты.
Сурет: stan.kz