Әзербайжан мұнайы арзандады

Түркияның Джейхан портындағы FOB базасында Azeri Light маркалы мұнайдың бағасы барреліне 1,18 долларға төмендеп, 81,05 долларды құрады.
URALS мұнайының бағасы алдыңғы көрсеткішпен салыстырғанда 1,06 долларға төмендеп, барреліне 60,21 долларды құрады.
Солтүстік теңізде өндірілетін Dated Brent маркалы мұнай баррелінің бағасы 15 қаңтарда алдыңғы көрсеткішпен салыстырғанда 0,56 долларға арзандап, барреліне 79,55 долларды құрады.
16 қаңтардағы ресми айырбастау бағамы 1,7 AZN/1 долларды құрап тұр.
Ақпарат көзі: kaz.inform.kz
Фото: ашық дереккөз