Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жапония Айға қонды

Жапония Айға қонды

Жапония алғаш рет Айға ғарыш кемесін қондырды. Күншығыс елі – жердің табиғи серігіне модулін аялдатқан әлемдегі бесінші мемлекет.

Айды зерттейтін SLIM – жеңіл автокөлікке ұқсайтын ғарыш модулі. Ол «дәл қо­ну» технологиясын пайда­ла­нуымен ерекше. Бұған дейінгі Айға қонғандарға қа­­­­ра­ғанда әлдеқайда ірі ба­қылау жасауға қабілетті. Жа­пония аэроғарыштық барлау агенттігінің ғарыш аппараттарын дәл қондыру техноло­гиясы жиырма жылдық жұ­мысынан кейін осындай нә­тижеге жетті.

Жапондықтардың басты мақсаты – Айдың кез келген жеріне қонуға мүмкіндік бе­ретін жаңа қону техноло­гиясын сынақтан өткізу. Қон­ғаннан кейін ғарыш кемесі Айдың шығу тегі туралы бі­лімді кеңейту үшін топырақ үлгілерін зерттейді әрі арнайы камераның көмегімен минералдарды талдайды. Күншығыс елі жердің табиғи серігіне модулін қондырған әлемдегі бесінші мемлекет атан­ды. Бұ­ған дейін Кеңес одағы, АҚШ, Қытай және Үндіс­танның қолы Айға жеткен еді. Олардың ішінде Үн­дістан жер серігінің оңтүс­тік полюсіне өз модулін қон­дыр­ған алғашқы мемлекет ре­тінде тарихқа енді.

Қону барысында ғарыш кемесі Шиори кратері айма­ғында белгіленген жерден 100 метр радиуста қонды. Бұған туралы NASA-ның бұрынғы қызметкері және SpaceWatch Global бас редакторы Эм «бұ­рын-соңды болмаған» деген баға берді. Шынында да ғарыш аппараттарының көбі белгіленген нысанадан бірнеше шақырым жерге қо­натын еді. Ал SLIM дәл қону технологиясының нәти­жесінде «ай мергені» деген атқа ие болды.

Жапондықтар Айға сәтті қон­ғанымен, біршама қи­ын­дыққа тап болды. Бұл жетістіктері қысқамерзімді болуы мүмкін. Жапондық ғарыш агенттігінің хабарлауынша, JAXA аппараты мен күн батареясына қатысты мәселе туып, электр қуатын өндіре алмайтын болған. Қазіргі жағдайда батарея бірнеше сағат жұмыс істеуге ғана арналған. Басқа сенсорлардың қалай жұмыс істейтініне сүйене отырып, JAXA кешкі баспасөз мәс­лихатында SLIM сәтті қонуға қабілетті екенін айтты. Ғарыш кемесі жермен байланыс орната алады, бірақ қуаты аз. Күн батареясының жұмыс істемейтіндігінен басқа, оның нақты түйіткілі неде екені әлі белгісіз. Панельдер дәл қазір күн сәулесін алуға қауқарсыз болуы да мүмкін. Содан кейін күн орнын ауыстырған кезде ғана қуаттау басталады. Алайда JAXA не болғанын түсіну үшін көп уақыт қажет дейді. SLIM-мен бірге шыққан екі кіш­кентай LEV-1 және LEV-2 роверлері отырғызу алдында одан сәтті бөлініп шықты. Әзірге олар жұмыс істеп тұр. JAXA қазір отыр­ғызудан максималды де­рек­терді алу үшін SLIM жұ­мы­сының қалған уақытын ба­рын­ша арттыруға баса назар аударатынын атап өтті. Агент­­тік келесі аптада мис­сия­ның қазіргі жағдайы туралы тағы бір баспасөз мәслихатын өткізуді жоспарлап отыр. SLIM уақыты аяқталуға жа­қын болып көрінгенімен, қонудың өзі маңызды белгі болды.

Ақпарат көзі: egemen.kz
Фото: ашық дереккөз 

28 қаңтар 2024 ж. 555 0