Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » NASA зымыраны айға аттануға дайын

NASA зымыраны айға аттануға дайын

Әлемдегі ең қуатты зымыран айға аттануға дайындалып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.
SLS деп аталатын зымыран 29 тамызда «Орион» ғарыш аппаратымен бірге көкке көтерілмек. НАСА өкілдерінің айтуынша, ғарыш кемесі айға сынақ ретінде ұшырылып отыр.

Айта кетейік, АҚШ-тың аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу жөніндегі ұлттық басқармасы болашақта осы бағдарлама арқылы айға адам жіберуді көздейді. Сондықтан осы миссия сәтті өтсе, 2024 жылы Жердің серігіне ғарышкерлер аттанады. Естеріңізде болса, адамзат баласы соңғы рет Айда 1972 жылы болды.
25 тамыз 2022 ж. 568 0