Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Душанбеде бір отбасының 6 мүшесі қайтыс болды

Душанбеде бір отбасының 6 мүшесі қайтыс болды

Душанбеде ыстан уланған алты адамнан тұратын отбасы қайтыс болды. Бұл туралы TАСС ақпарат агенттігі жазды.

«Бір отбасының алты мүшесі иіс тиіп қайтыс болды», - делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, қайғылы оқиға 28 ақпанға қараған түні Душанбенің солтүстігіндегі Фирдоуси ауданында болған. Жайсыз хабар туралы жедел жәрдем қызметіне көршілері хабарлаған.

Asia-Plus порталының хабарлауынша, үйден 6 мен 11 жас аралығындағы төрт бала мен олардың ата-анасының мүрдесі табылған.

Ақпарат көзі: kaz.inform.kz
29 ақпан 2024 ж. 541 0