Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Египеттегі Хургада жағалауында тағы да акула пайда болды

Египеттегі Хургада жағалауында тағы да акула пайда болды

Қызыл теңіздегі әйгілі Хургада курортында акуланың пайда болғаны туралы хабардан кейін Мысыр үкіметі қажетті шараларды қабылдағанын хабарлады. Бұл туралы Al Masry Al Youm басылымы жазды.

Басылымның мәліметінше, кеше Аль-Гуна ауданындағы Абу Минкар аралының маңында акула көрінген. Қорық басшылығы акуланы бақылау шараларын бастаған. Олар жағалауға суға түсуге барғысы келетіндерді өте сақ болуға шақырады.

2023 жылдың Маусым айында Ресей тұрғыны жыртқыштың құрбаны болған еді, оны ешкім құтқара алмады. Қыркүйектің ортасында Мысырдың Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Синай түбегіндегі Дахаб қаласының жағалауында акуладан жергілікті халықтың өкілі де зардап шеккенін хабарлады.

Ақпарат көзі: kaz.inform.kz
Фото: massaget.kz
02 сәуір 2024 ж. 505 0