Франциядағы биоотын зауытында жарылыс болды

Оқиға Saipol зауытында болған. Жарылыс өртке ұласқан. Қазір толықтай оқшауланған.
Барлығы 200-ге жуық адам қауіпсіз жерге көшірілді. Билік зиянды химиялық заттардың тарап кету қаупі бойынша тексеру жүргізіп жатыр.
Оқиғаның себебі анықталуда, аумақ қоршауға алынған.
Ақпарат көзі: kaz.inform.kz
Фото: ашық дереккөз