Пәкістанда автобус апатынан 17 адам қаза тапты

«Белуджистан провинциясының Ласбела ауданында автобус сайға құлады», - деп хабарлады үкімет өкілі Шахид Ринд.
Оның айтуынша, зардап шеккендер Синд провинциясындағы ауруханалардың біріне жатқызылған, олардың 15-інің жағдайы ауыр.
Белуджистан премьер-министрі Сарфраз Бугти жол-көлік оқиғалары салдарынан қаза тапқандардың көптігіне өкініш білдірді.
Ақпарат көзі: kaz.inform.kz