Мексикада автобус аңғарға құлап, 18 адам қаза тапты

42 жолаушы болған автобус Мексиканың солтүстік-батысында Тихуана қаласына бағыт алған. Жолаушылар арасында Үндістан, Доминикан Республикасы мен Африка елдерінің азаматтары болған.
Автобус жүргізушісі ұсталды. Оған жолдағы бұрылыс кезінде жылдамдықты асырды деген айып тағылды.
Қаза тапқандардың жеке басы анықталып жатыр. 20 адам ауруханаға жеткізілді.
Ресми тұлғалардың айтуынша, жол апаты Тепик штаты астанасынан тыс жерде тасжолда болған.
Аңғардың тереңдігі 40 метр болғандықтан құтқару операциясы қиын болған.
Мексиканың Оахака штатында шілдеде автобус жол апатына ұшырап, 29 адам қаза тапқан, ақпанда 17 адам автобус апатынан мерт болған.