Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қытайдың Янцзы өзенінде тасқынға қарсы шаралар күшейтіліп жатыр

Қытайдың Янцзы өзенінде тасқынға қарсы шаралар күшейтіліп жатыр

Қытай билігі елдегі ең үлкен су жолы – Янцзы өзенінің бассейнінде су тасқынына қарсы шараларды күшейтіп жатыр. Алдағы жоспарларға су тасқынының алдын алуға кешенді дайындық жұмыстары кіреді.

Қытай Халық Республикасының Су ресурстары министрінің орынбасары (СРМ) Чэнь Минь Янцзы өзені бассейндерінде және Қытайдағы үшінші ірі тұщы су көлі Тайхуда су тасқынына қарсы шараларды күшейтуге шақырды.

«Су тасқынының алдын алу үшін жан-жақты дайындық жұмыстарын жүргізіп, осал жерлерді нығайту қажет», - деп келтіреді Хinhua агенттігі министр орынбасарының сөздерін.

Қытайлық шенеунік жауын-шашынды болжау мен су тасқынын бақылау мүмкіндіктерін жақсартуды талап етіп, сондай-ақ су тасқынын азайту үшін гидротехникалық құрылыстарды үйлестірілген түрде пайдалану қажеттігін атап өтті.

Ұзындығы 6 мың шақырымнан асатын Янцзы өзенінде Қытайдың миллиондаған халқы тұратын Чунцин, Ухань, Нанкин және Шанхай сияқты мегаполистері орналасқан.

Янцзы өзені бойында қалыптасқан қалалық кластерлер үлесі Қытайдың жалпы ұлттық өнімінің 30%-дан астамына тең. Олардың ішінде Янцзы өзені аймағы – елдегі ең экономикалық дамыған аймақтардың бірі.

2021 жылдың соңына қарай Янцзы өзенінің экономикалық белдеуінің ЖІӨ 53 трлн юаньнан (7 трлн доллардан астам) асты.

Ақпарат көзі: kaz.inform.kz
Сурет ашық дереккөзден алынды 
24 сәуір 2024 ж. 614 0