Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қырғызстанда үкімет мүшелеріне тойға баруға тыйым салынды

Қырғызстанда үкімет мүшелеріне тойға баруға тыйым салынды

Президент Әкімшілігінің алқа отырысында Қырғызстан премьер-министрі Ақылбек Жапаров үкімет мүшелеріне тойға қатысуға тыйым салды. Бұл туралы 24.kg басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды. Қырғызстан премьер-министрінің айтуынша, ел президентінің барлық жарлығы мен тапсырмасы сапалы әрі уақытылы орындалуға тиіс.
Сондай-ақ ол Садыр Жапаровтың бұған дейін мал союға және тойлардағы ысырапшылдыққа тыйым салу туралы қаулысына жеке тоқталды. "Егер бір жерде ысырапшылдыққа жол беріліп жатқанын көрсеңіздер, ол жерге бармаңыздар. Тойда жүрмеңіздер", - деді Ақылбек Жапаров.
Басылым жазуынша, 2022 жылдың ақпанында Қырғызстан президенті іс-шаралар өткізу бойынша шектеулер енгізу туралы жарлыққа қол қойып, заң күшіне енген болатын.
Бұл заңның мақсаты – азаматтардың әлеуметтік-экономикалық өмір сүру деңгейін көтеру, сонымен қатар қоғамның рухани атмосферасына теріс әсер ететін діни рәсімдерді және өзге де іс-шараларды өткізу кезінде ысырапшылдыққа жол бермеу.


Фото: ​kaz.nur.kz​​​
26 сәуір 2024 ж. 641 0