Атышулы өзбек миллиардері халқының жағдайын жақсарту үшін 50 млн доллар берді

Наманган облысына іс-сапарымен барған президент Усмановтың жергілікті халықтың жағдайы үшін 50 млн қаржы бергенін айтты.
"Алишер Усманов маған ұсыныс жасады. Ол Наманган облысының дамуы үшін 50 млн АҚШ долларын беретінін айтты. Мен ашық айтайын ол ақша Ташкентке келіп жетті. Біз мұндай отандастарымызбен мақтануымыз қажет" , - деп ағынан жарылды Мирзиёев.Оған қоса, президент Наманган қаласында Алишер Усмановтың атымен жастар орталығы ашылатынын хабарлады. Ол жерде шетелдік мамандар жастар қауымын бизнеске үйрететінін жеткізді.
Айта кетейік, Алишер Усманов Наманган облысындағы Чуст қаласының тумасы. Ол 2018 жылы Forbes тізімінің ең бай адамдарының ішінде 118 орынды иеленген.