Үндістанда өрттен алты сәби көз жұмды

Associated Press агенттігінің деректеріне сәйкес, қайғылы жағдай орталықтың бірінші қабатындағы өрттен болған.
Өрт сөндіру қызметінің қызметкері алты жаңа туған сәби тілсіз жаудан құтқарылып, жақын маңдағы ауруханаға жеткізілгенін айтқан.
Орталықтың бірінші қабатындағы өртті сөндіруге бір сағат уақыт кеткені белгілі болды.
Делидің шығысындағы Вивек Вихар ауданындағы өрттің себебі анықталып жатыр.
Сурет: baq.kz