Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аттестациядан 74 мұғалімнің бесеуі ғана өткен

Аттестациядан 74 мұғалімнің бесеуі ғана өткен

Мұғалімдердің біліктілігін арттыру мақсатында өтетін аттестацияның екінші кезеңі аяқталды. Осы кезеңде сынақ тапсырған 74 мұғалімнің бесеуі ғана сүрінбей өтті деп хабарлайды democrat.kz.

Қырғызстанда өткен мұғалімдердің аттестациясы көңіл көншітпейді екен. Қырғыз Білім министрлігінің мәлімдемесінде аттестация тапсыруға 337 мұғалім өтініш білдірген. Бұған дейін 81 мұғалім жоғары санат үшін, 118 мұғалім бірінші санатқа, 138 мұғалім екінші санат бойынша білімін сынап көрген.

Аяқталған екінші аттестация кезеңінде 74 мұғалім сынақ тапсыруға өтініш білдіріп, олардың бесеуі ғана сынақтан сүрінбей өткен. Ал қалғандары тиісті балл мөлшерін жинай алмапты.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.

Ақпарат көзі: syrboyi.kz
Фото: democrat.kz
14 маусым 2024 ж. 647 0