Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сингапур жағажайына мұнай төгіліп, уақытша жабылды

Сингапур жағажайына мұнай төгіліп, уақытша жабылды

Сингапурде бірнеше жағажай уақытша жабылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

24kz мәліметінше, теңіз терминалында екі жүк кемесі соқтығысып, су айдындарына мұнай төгілген. Рейтер агенттігінің хабарлауынша, танкерлердің бірі Сингапур, екіншісі Нидерланд компаниясына тиесілі. Апат салдарынан мұнай қалдықтары 10 шақырым жерге таралған. Қазір оны жою жұмыстары жүргізіліп жатыр.


Сурет: 24.kz
16 маусым 2024 ж. 448 0