Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Иранда жер сілкінісінен төрт адам қаза тапты

Иранда жер сілкінісінен төрт адам қаза тапты

Иранда жер сілкініп, 4 адам опат болды. Тағы 120 тұрғын жарақат алды, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Кашмар қаласында болған жер сілкінісінің күші 5 балл деп бағаланды. Бұл аймақ ел астанасы Тегераннан 800 шақырым қашықтықтықта орналасқан.

Апат ауданында Халықаралық Қызыл Жарты ай қоғамының құтқару топтары жұмыс істеп жатыр. 3 уақытша лагерь құрылып, тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру басталған. Иранда осыдан жеті жыл бұрын 7 балдық зілзала болып, 600 адам көз жұмған.

Сурет: www.youtube.com
19 маусым 2024 ж. 390 0