Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Израиль әуе компаниясының ұшағы Анталья әуежайына шұғыл қонды

Израиль әуе компаниясының ұшағы Анталья әуежайына шұғыл қонды

Варшавадан Тель-Авивке ұшқан израильдік «El Al» әуе компаниясының ұшағы Анталья әуежайына шұғыл қонды.

Атап өтілгендей, «El Al» әуе компаниясы ұшағының бортындағы төтенше жағдайға байланысты Антальяға қонуына рұқсат етілген. Израиль ұшағы науқас жолаушыға байланысты шұғыл қонуға рұқсат алды.

Гуманитарлық себептер бойынша әуе кемесі жанармаймен қамтамасыз етілуі тиіс еді, бірақ тиісті процедура аяқталғаннан кейін экипаж командирі жанармай құюдан өз еркімен бас тартуға шешім қабылдады.

Сонымен бірге израильдік кейбір басылымдар Анталья әуежайы қызметкерлері әуе компаниясының Израильде орналасқандығына байланысты ұшаққа жанармай беруден бас тартқанын жазды.

Бұған дейін Анталья әуежайында жұмысшылардың ереуіліне байланысты халықаралық және ішкі рейстер кешіккені туралы жазған болатынбыз.

Кейбір ұшақтар бір тәуліктен астам уақыт бойы ұшуға рұқсат күтуде.

Сурет: kaz.inform.kz



02 шілде 2024 ж. 329 0