Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ресей ұшағы Қызылордаға шұғыл қонды

Ресей ұшағы Қызылордаға шұғыл қонды

Санкт-Петербургтен Самарқандқа ұшқан ресейлік «Аэрофлот» әуе компаниясының ұшағы Қызылордаға шұғыл түрде қонды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Санкт-Петербург-Самарқанд бағыты бойынша AFL-2870 рейсін орындаған «Аэрофлот» әуе компаниясының ұшағы Қазақстанға шұғыл қонды. Бортында 56 жолаушысы бар әуе кемесі жергілікті уақыт бойынша 10:56-да Қызылорда қаласының әуежайына қонды.

Қонуға Өзбекстан Республикасының азаматшасы себеп болды, ол жүрек ауруына байланысты шұғыл медициналық көмекке мұқтаж болды.

Экипаж ұшақты жақын маңдағы әуежайға қондыру туралы шешім қабылдады. Аэродромға қонғаннан кейін жолаушы медициналық мекемеге жатқызылды.
03 ақпан 2022 ж. 580 0