Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Беларусьтің үш ұшағы Қазақстанға жіберілді

Беларусьтің үш ұшағы Қазақстанға жіберілді

«Белавианың» үш ұшағы Asiana Airlines авиакомпаниясының уақытша тұрағында болады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы BBC News жазады.

Қазақстандағы Asiana Airlines авиакомпаниясының өкілдері Беларусь ұшақтарының әуе паркіне кірмейтінін, тек ел аумағында уақытша тұрақта болатынын хабарлаған.

Айта кетерлігі, биылғы мамыр айының соңынан бастап «Белавиа» авиакомпаниясына Еуропа билігі санкция салып, Батыс Еуропа елдеріне рейстер тоқтатылды. Бұл шектеуге Минскідегі Ryanair лайнерінің күштеп қонуы және борттағы оппозициялық Беларусь журналисі Роман Протасевичтің ұсталуы, президенттік сайлаудан кейінгі наразылық себеп болып отыр.

Flightradar24 сервисінің мәліметі бойынша, сәрсенбіде Embraer e195-E2 ұшағы ew-555 PO, EW-560po және EW-563po тіркеу нөмірімен Минскіден астанадағы «Нұрсұлтан Назарбаев» әуежайына қонды. Бұл ұшақтар AerCap лизингтік компаниясына тиесілі. Оның бас кеңсесі Дублинде тіркелген. «Белавиаға» бұл ұшақтар ұзақ мерзімге беріліпті.

Беларусь ұлттық авиатасымалдаушысына ұшуға шектеулер енгізілгеннен кейін «Белавиа» Ресей, Грузия, Армения, Әзербайжан, Түркия, Ливан, Израиль, Египет, БАӘ, Өзбекстан және Қазақстанға ұшуды жалғастырған. Тек Амстердам, Барселона, Берлин, Брюссель, Франкфурт, Ганновер, Милан, Мюнхен, Рим, Вена және Варшаваға рейстер жасай алмайды.

Avia.ru порталдың бас редакторы Роман Гусаров «Белавиа» Қазақстанға ұшақтар жіберу арқылы ұшуға тыйым салынған кездегі шығындарын қайтаруды көздеп отыр.
28 қазан 2021 ж. 611 0