Сауд Арабия ұшағы әуежай ғимаратында сәбиді ұмытқан жолаушы үшін қайта оралды

Сауд Арабиясының «Ахбар24» порталы әуе кемесінің командирі мен диспетчерінің арасындағы әңгіменің жазбасын жариялаған.
Жазбада командирдің әуежайға оралу себебін қайта сұрағанда, диспетчердің өз баласын әуежайдағы терминалдардың бірінде ұмытып кеткен жолаушы туралы және оның ұшуды жалғастырудан бас тартқанын айтқаны анық естіледі.
Айта кетерлігі, аталмыш портал жолаушының өз әрекеті үшін жауапқа тартылғандығы жайында ақпарат таратпаған.