Мәскеуден Үргенішке ұшқан ұшақ Самараға шұғыл қонды
Мәскеу-Үргеніш бағыты бойынша Азимут әуе компаниясының AZO-7059 рейсін орындаған SSJ-100 ұшағы Самараға шұғыл қонды, деп хабарлайды Egemen.kz.Кейін ұшақ бортында болған жолаушының денсаулығының нашарлағаны белгілі болды. Бұл туралы Uzbekistan Airports хабарлады. Кестеге сәйкес, ұшақ Үргеніш халықаралық әуежайына жергілікті уақыт бойынша 7:35-те қонуы керек еді. Мәжбүрлі қонуға байланысты рейс кейінге қалдырылған.










