Толқын Арал аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Рязань маңында ұшақ құлады

Рязань маңында ұшақ құлады

Рязань маңында Ил-76 ұшағы құлады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Известия» хабарлағандай, ұшақ 24 маусымда Михайловский тасжолында апатқа ұшырады. Мәлімет бойынша, Ил-76 ұшағынан өрт шыққан. Ұшақ қонуға тырысып, айнала бастаған.

Ұшақ бортында шамамен 10 адам болған. РФ ТЖМ мәліметі бойынша, әуе кемесінің құлауы салдарынан үш адам қайтыс болды, тағы бесеуі жарақат алып, ауруханаға түсті.

Қазір Ил-76 құлаған жердегі өрт сөндірілді.

egemen.kz
24 маусым 2022 ж. 513 0