Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қырғызстанда сел кезінде жоғалған баланың денесі табылды

Қырғызстанда сел кезінде жоғалған баланың денесі табылды

Қырғызстанның Ош қаласында сел кезінде жоғалып кеткен 7 жасар қыздың денесі Өзбекстан аумағынан табылды.

Қырғызстан Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Әндіжан қаласындағы (Өзбекстан Республикасы) Шахрихонсой суару каналынан 2017 жылы туған Н.С.-ның денесі табылды.

Баланың денесі «Достук» бақылау-өткізу бекетінде қырғыз тарапына берілді. Жоғалған екі әйел мен екі қызды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Бұған дейін хабарланғандай, Қырғызстанның Ош қаласында сел кезінде төрт адам ұшты-күйлі жоғалып кетті.

14 шілдеде Ошта төтенше жағдай режимі енгізілді.
Ақпарат көзі: kaz.inform.kz
Сурет: ашық дереккөз 
15 шілде 2024 ж. 289 0