Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Өзбекстанға мемлекеттік сапармен барады

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Өзбекстанға мемлекеттік сапармен барады

Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиеёвтің шақыруымен Қырғызстан президенті Садыр Жапаров 18-19 шілдеде осы елге мемлекеттік сапармен келеді, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Ташкенттегі меншікті тілшісі Әлихан Асқар.

Жоспарланып отырған сапар туралы Қырғызстан президенті әкімшілігінің Сыртқы саясат бөлімінің меңгерушісі Муратбек Азымбакиев мәлімдеді.

    «Сапар аясында Президент Садыр Жапаров Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевпен екіжақты келіссөздер жүргізеді. Тараптар екі жақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, сондай-ақ қырғыз-өзбек қатынастарын дамыту перспективаларын талқылайды. Мұнымен қатар, Садыр Жапаров Қырғызстанның Өзбекстандағы мәдениет күндерінің ресми ашылу салтанатына қатысады», - деп мәлім етті ол.

Сонымен қатар сапарға орай қырғыз-өзбек бизнес-форумы және Қырғызстан мен Өзбекстан жоғары оқу орындары ректорларының форумы сияқты бірқатар іс-шара ұйымдастырылмақ.

Ақпарат көзі: kaz.inform.kz

17 шілде 2024 ж. 96 0