Бразилияда 60-тан астам жолаушысы бар ұшақ апатқа ұшырады

Sky News агенттігі әзірге жолаушылар ұшағының бортында қанша адамның болғаны нақтыланып жатқанын айтты.
Жергілікті өрт сөндірушілер Каскавел қаласынан Гуарульюсқа ұшқан ATR-72 жолаушылар ұшағы Виньедо қаласында апатқа ұшырағанын растады.
Әлеуметтік желілерде тараған видеожазбаларда үлкен аумақты өрт шалғаны, сондай-ақ ұшақтан шыққан түтіннің жан-жаққа таралғаны анық көрінуде.
Кейінірек Globo телеарнасы ұшақтың бортында 58 жолаушылар мен 4 экипаж мүшесі болғанын мәлімдеді.
Алайда әзірге Infraero әуежайының басшылығы ақпаратты растаған жоқ.
Сурет: ашы дереккөз