Францияның курортты қаласында жарылыс болды

France 24 агенттігінің мәліметінше, қала билігі оқиғаны теракт деп бағалап отыр.
Белгілі болғандай, синагоганың жанында тұрған көлікте газ баллоны жарылған. Жарылыс салдарынан полиция қызметкері жараланды. Ғимараттың кіреберісінде өрт басталғанымен оны дер кезінде сөндіріп үлгерген.
Жарылыс кезінде діни қызмет жүргізілмеген, синагогада болған раввин мен тағы төрт адам зардап шекпеген.
Ла-Гранд-Мот мэрі Стефан Россиньоль бейнебақылау камераларынан белгісіз біреудің автокөлікті өртегені анықталғанын айтты.
Сурет: ашық дереккөз