Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қандасымыз «Қытайдың үздік дәрігері» атағын алды

Қандасымыз «Қытайдың үздік дәрігері» атағын алды

19 тамыз - Қытай дәрігерлері күніне орай Орталық үгіт-насихат басқармасы мен ұлттық денсаулық сақтау комитеті 2024 жылғы «Ең үздік дәрігерлердің» тізімін жариялады. Қазақ дәрігері Мәулішәріп Қапа үздіктер қатарынан табылды, деп хабарлайды Қытайдың Халық газеті.   Қытайлық БАҚ-тың дерегінше, Шыңжаңның Алтай өңіріндегі Мәулішәріп Қапа — Бурылтоғай ауданындағы ауылдың зейнеткер дәрігері.

Ол 40 жыл бойы шаруашылық өңірінің түкпір-түкпірін аралап, дәрі-дәрмек пен дәрігерлік қызметін ем алушылардың отбасына дейін жеткізген.

Дәрігерлік жұмыс бабымен жүргенде Шыңжаңның Бурылтоғай ауданындағы елді мекендерді аралап, әрбір малшы отбасымен танысқан.

Айта кетейік, Мәулішәріп Қапа көп жыл бұрын зейнетке шыққанымен әлі де ауылдастарының сырқатын емдеп келеді.

Мәулішәріп Қапа 1975 жылы Шыңжаң Халықтық қытай медицина мектебін бітіргеннен кейін Бурылтоғай ауданындағы жұмысын атқарған 47 жылда ол өзінің тамаша дәрігерлік шеберлігімен және кәсіби этикасымен халықтың құрметіне бөленген.
Ол тек өз кәсібімен ғана айналысып қоймай, қоғамдық жұмыстарға да белсене араласқан.
Атап айтқанда, 1992 жылдан 2022 жылға дейінгі 30 жыл ішінде Бурылтоғай ауданының білім беру саласына 700 000 юаннан жоғары қаржы аударып, 500-ден астам мектепті тастап кеткен баланың оқуға қайта оралуына көмектескен. Сондай-ақ 36 кедей оқушының оқуын толық  аяқтауына қаржылық жақтан қол үшін созған.

Ақпарат көзі: kaz.inform.kz
Сурет: ашық дереккөз 
25 тамыз 2024 ж. 204 0