Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауданның бас дәрігерін әріптестері жаңа қызметке шығарып салды

Ауданның бас дәрігерін әріптестері жаңа қызметке шығарып салды

Аудан әкімі Серік Сермағамбетовтың төрағалығымен актив отырысы өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлімдер мен мемлекеттік мекеме басшылары мен ардагерлер қатысты.
Аудан басшысы Арал аудандық көпбейінді орталық аурухананың бас дәрігері қызметін атқарған Марат Ршымбетовты жаңа қызметке тағайындалуымен құттықтады. Сондай-ақ ауданның ең жоғарғы марапаты «Құрмет грамотасын» табыстады.
Марат Құбылұлы – ауданда қызмет атқарған жылдары денсаулық саласын дамыту бағытында межелі міндеттерге қол жеткізе білді. Бас дәрігері қызметінде Арал орталық ауруханасы құрылысын және Сексеуіл, Аққұм, Аралқұм, Қамыстыбас, Аманөткел, Тастүбек, Жалғызағым дәрігерлік амбулаториясының құрылыстарының бой көтеруіне қажырлы еңбек етсе, Бөген мен Қызылжар елдімекендеріндегі дәрігерлік амбулаторияның құрылысының басталуына септігін тигізді.
Сонымен бірге, елімізде орын алған пандемия зардаптарын жоюға бағытталған шараларды жоғарғы деңгейде атқардыңыз.  Жаңа қызметіңізде жетістіктер мен табыс тілеймін, – деп ізгі лебізін білдірді.   
Басқосуда жаңа қызметке тағайындалған Марат Ршымбетовке әріптестері және аудандық медицина саласы кәсіподағының төрағасы Арғынбай Асанбаев өз ақжарқын ниеттерін жеткізді.
Актив отырысында Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ерділдә Нұртазаұлы  Арал аудандық көп бейінді орталық ауруханасының бас дәрігерінің міндетін атқарушы ретінде Бауыржан Қуанышбаевты таныстырды. Ол бұған дейін көпбейінді облыстық аурухананың «Хирургия бөлімшесінің» меңгерушісі қызметін атқарған.
Аудан әкімі жаңадан тағайындалған бас дәрігерге алдағы қызметіне сәттілік тіледі.
"Толқын" ақпарат

12 тамыз 2023 ж. 216 0