Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа қызметке тағайындалды

Жаңа қызметке тағайындалды

Аудан әкімі Серік Сермағамбетов Арал ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Ербол Садықовты жаңа қызметке ауысуына байланысты сәттілік тілеп, шығарып салды.
Жиында Серік Сағитжанұлы Ербол Малкаждарұлының еңбек жолына тоқталып, қызмет жасаған жылдары аудан кірістерінің көрсеткіштері жоғары болғандығын атап өтті. Сондай-ақ ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы жолында аянбай еңбек еткендігін, абыройлы қызмет жасағандығын тілге тиек етті. Жаңа қызметіне абырой тілеп, ауданның «Құрмет Грамотасын» табыстады.
Басқосуда аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әділбек Әйімбетов сөз алып, Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Ербол Садықовқа алдағы жұмысына табыс тіледі.
Айта кетейік, Ербол Садықов еңбек жолын 2008 жылы жылы Арал ауданы бойынша Салық басқармасының жетекші маманы болып бастаған. Қызметте сатылып жоғарылап 2014-2020 жылдары Мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары болса, 2020 жылдан бастап Арал ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы лауазымын абыроймен атқарып келді.
Ербол Малкаждарұлы Ұлытау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы лауазымына тағайындалды.

Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі 
22 сәуір 2023 ж. 315 0