Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бектас Нуридинов жаңа қызметке тағайындалды

Бектас Нуридинов жаңа қызметке тағайындалды

Бірыңғай конкурстық комиссияның 2022 жылғы 30 маусымдағы қорытынды шешіміне сәйкес, Жаңақорған ауданы әкімінің өкімімен аудан әкімінің орынбасары лауазымына Бектас Балғабайұлы Нуридинов тағайындалды.
Бектас Балғабайұлы – 1976 жылы 15 маусымда Қызылорда облысы, Қазалы ауданында дүниеге келген. Қызылорда политехникалық институтын «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірген. Алғашқы еңбек жолын 1997 жылы Қызылорда қаласының Салық бөлімінде аға маман ретінде бастаған.
1999 – 2006 жылдары Қызылорда облысы бойынша Салық комитетінің, аға салық инспекторы, бөлім бастығы, басқарма бастығы;
2006 – 2009 жылдары Жаңақорған ауданы бойынша салық комитетінің басқарма бастығы;
2009 – 2010 жылдары Қызылорда облысы бойынша Салық департаментінің, басқарма бастығы;
2010 – 2015 жылдары Арал ауданы бойынша Салық басқармасының бастығы;
2015 – 2018 жылдары Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары;
2018 – 2022 жылдары Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарса, 2022 жылдың мамыр айынан бастап осы кезге дейін Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ардагерлермен жұмыс бөлімінің басшысы лауазымын абыроймен атқарды.
Енді Бектас Балғабайұлы білім, денсаулық сақтау, ішкі саясат, мәдениет және спорт салаларына жетекшілік ететін болады.
Мемлекеттік қызметте тәжірибесі мол, білікті басшы ретінде жауапты қызметтерді атқарған Бектас Балғабайұлы алдағы міндеттерін де абыроймен атқарады деген сенім мол.

kyzylorda-news.kz
05 шілде 2022 ж. 916 0