Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тағайындау

Тағайындау

Қызылорда облысының Полиция департаментінің 2022 жылғы 26 ақпандағы №60 бұйрығымен Арал ауданының Полиция бөлімінің бастығы болып Шегебаев Нұрбек Айтбайұлы тағайындалды.

Нұрбек Айтбайұлы 1983 жылы 9 қыркүйекте Қызылорда қаласында дүниеге келген.
Білімі жоғары.
2004 жылы Қазақ гуманитарлық Заң университетін «заңгер» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын, 2005 жылы Қызылорда қаласында ҚР ішкі істер министрлігі училищесінің тыңдаушысы қызметінен бастаған.
2006-2011 жылдары Қызылорда облыстық ішкі істер департаменті жол полиция басқармасының жол полиция аға инспекторы;
2011-2013 жылдары Қармақшы аудандық ішкі істер бөлімі жол полиция бөлімшесінің бастығы;
2013-2015 жылдары Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасы Тасбөгет полиция бөлімі криминалды полиция бөлімшесінің жедел уәкілі,Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасы жол-патрульдік полициясының рота командирі, Шиелі аудандық ішкі істер бөлімі әкімшілік полиция бөлімшесі бастығының орынбасары;
2015-2018 жылдары Қызылорда облысы қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің(ЗК-169/1)түзету мекемесінде тәрбие жүргізу бөлімінің бастығы;
2018-2020 жылдары Қазалы аудандық полиция бөлімінде жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы;
Ал, 2020 жылдан бастап осы кезге дейін Арал ауданы Полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары қызметін атқарып келді.
03 наурыз 2022 ж. 842 0