Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖАҢА ҚЫЗМЕТКЕ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ЖАҢА ҚЫЗМЕТКЕ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Аудан әкімінің орынбасары Өтешов Рүстем Баймырзаұлын әріптестері жаңа қызметке ауысуына байланысты сәттілік тілеп, шығарып салды.
Жиында аудан әкімі Мұхтар Оразбаев Рүстем Баймырзаұлының еңбек жолына тоқталып, ауданда қызмет жасаған жылдары экономика және қаржы саласы үнемі жоғары көрсеткіштерде болғандығын атап өтті. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы жолында аянбай еңбек еткендігін, абыройлы қызмет жасағандығын тілге тиек етті. Жаңа қызметіне абырой тілеп, ауданның «Құрмет Грамотасын» табыстады.
Рүстем Баймырзаұлы 2014 жылдың 12 қарашасынан бастап бүгінгі күнге дейін Арал ауданы әкімінің орынбасары қызметін абыройлы атқарып келді.
Ақтөбе қаласы, Алматы ауданы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалған Рүстем Баймырзаұлына абырой мен сәттілік тілейміз.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.

15 шілде 2020 ж. 875 0