ҚҰРМЕТТІ ЕҢБЕК ДЕМАЛЫСЫНА ШЫҚТЫ

Раймбетов Ерсайм - еңбек жолында бірқатар негізгі салаларға басшылық жасап, 30 жылдан астам өмірін мемлекеттік қызметке арнаған. Бірнеше жыл аудан әкімінің орынбасары қызметін де абыройлы атқарды. Жиын барысында аудан әкімі Мұхтар Оразбаев Раймбетов Ерсаймның елге жасаған қызметіне баға бере отырып, ауданды дамытудағы еңбегі үшін Алғыс хат табыстап, қазақы дәстүрге сай иығына шапан жапты.
Өз кезегінде Раймбетов Ерсайм көрсетілген құрметке ризашылығын білдіріп, аудан басшылығы мен әріптестеріне алғысын жеткізді.
Өз кезегінде Раймбетов Ерсайм көрсетілген құрметке ризашылығын білдіріп, аудан басшылығы мен әріптестеріне алғысын жеткізді.