Бердібек Сапарбаевтың ұлы жаңа қызметке тағайындалды

Еділовтің жазуынша, кіші Сапарбаев осы жылдың 14 наурызынан бастап Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалған.
28 жастағы Жансұлтан Сапарбаев Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің түлегі, гуманитарлық ғылымдар магистрі.
Ол 2012-2014 жылдары "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС-де қызмет атқарды.
2015-2016 жылдары "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі – хатшылық басшысы болып тағайындалды.
2016-2017 жылдар аралығында ұлттық экономика министрінің кеңесшісі болған.
2017 жылы ұлттық экономика министрлігінде басшы ретінде қызметін жалғастырған.
Ал жаңа жұмысқа тағайындалған дейін Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданы әкімінің аппаратын басқарды.