ҚАРЖЫГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Аудан әкімінің міндетін атқарушы Рүстем Өтешов Ұлттық валютамыз- теңгенің айналымға енген күніне орай арнайы жиын өткізіп, қаржыгерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтады.Жиында сөз алған Рүстем Баймырзаұлы:- «Биыл ұлттық валютамыз – теңгенің қаржы нарығында айналымға енгеніне 26 жыл толып отыр. Егемен еліміздің темірқазығына айналған ұлттық валютаның айналымға түсуі – қоғам өміріндегі аса маңызды оқиға болды. Сіздердің еселі еңбектеріңіз бен білім- біліктіліктеріңіздің арқасында өңіріміздің экономикасы қарқынды дамып келе жатқан аудандардың қатарынан көрінуде. Бүгінгі мерекелеріңізбен құттықтай отырып, зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін. Еңбектеріңіз жемісті болып, қаржылық қызметте жаңа белестерге жете беріңіздер»-деп ізгі ниетін білдірді.Жиын барысында аудандағы қаржы саласының дамуына үлес қосқан бірқатар сала қызметкерлеріне аудан әкімінің Алғыс хаты табысталды.
Өз кезегінде қаржы саласының қызметкерлері де ризашылықтарын білдіріп, әріптестерін мерекелерімен құттықтады.








