АУДАН АКТИВІНІҢ ОТЫРЫСЫНДА ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫНДАҒЫ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕР ТҮСІНДІРІЛДІ

Алдымен жиынға төрағалық еткен аудан әкімінің міндетін атқарушы Рүстем Өтешов алдымыздағы мақсат-міндеттерді жүзеге асыруға ел болып атсалысу ортақ мүдде екендігін айтып, Президент Жолдауында айтылған негізгі басымдықтарға тоқталып өтті.
Жолдауда кәсіпкерлікті қаржылай қолдау жұмыстары жалғасын тауып, қазақстандықтардың басым бөлігін табыспен қамтамасыз етілетіндігі басты назарға алынған. Осыған орай, жеке кәсіпкер, аудандық мәслихаттың депутаты Бисембаев Темір сөз алып, аталған мәселеге қатысты өз ойын ортаға салды.
Жолдауда айтылған білім беру саласына қатысты айтылған жаңалықтар жөнінде аудандық білім бөлімі басшысының кеңесшісі, ардагер ұстаз Бөлекбаев Амангелді баяндамасында тоқталды.
Сондай-ақ, медициналық қызмет сапасын жақсартуға бағытталған мәселелер жөнінде аудандық денсаулық сақтау саласы қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Асанбаев Арғынбай хабарлама жасады.
Жиын барысында мәдениет саласының ардагері Төребеков Жақсыбай Мемлекет басшысының келесі жылдан бастап Үкіметке кітапхана, музей, театр қызметкерлерінің еңбекақысын көбейту туралы тапсырма беруі, мұндай деңгейдегі қолдау жұмыстары мәдениет саласының беделін арттыратын өз хабарламасында айтып өтті.
Жиын соңында аудан әкімінің міндетін атқарушы Рүстем Өтешов Жолдаудан туындаған міндеттерді жүзеге асыруға байланысты тиісті сала басшыларына тапсырмалар жүктеді.