Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі құрмет көрсетті

Аудан әкімі құрмет көрсетті

Аудан әкімі Серік Сермағамбетовтың төрағалығымен актив отырысы өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлімдер мен мемлекеттік мекеме басшылары мен ардагерлер қатысты.
Аудан басшысы Арал теңізі обаға қарсы күресу станциясы басшысы Светлана Исаеваны «QazBioPharm» Ұлттық холдингі» акцонерлік қоғамы Бас директорының кеңесшісі лауазына тағайындалуымен құттықтады. Сондай-ақ ауданның ең жоғарғы марапаты «Құрмет грамотасын» табыстады.
«Светлана Бердімұратқызы 1995 жылдан бастап Арал теңізі обаға қарсы күресу станциясының дәрігері болып, кейіннен 2006 жылдан бастап осы кезге дейін Арал теңізі обаға қарсы күресу станциясының басшысы қызметін атқарып келеді. Денсаулық саласындағы елеулі қызметі үшін түрлі мемлекеттік наградалар марапатталған. Сіз ауданның эпид ахуалы мен халық денсаулығын сақтау бойынша жемісті жұмыс атқардыңыз. Жаңа қызметіңізде жетістіктер мен табыс тілеймін»,- деп ізгі лебізін білдірді.
Өз кезегінде сөз алған Светлана Исаева әрдайым бірлесе жұмыс жасап, қолдау білдірген аудан әкімдігіне алғысын білдірді. Туған жерден жиған жинаған тәжірибені, жаңа қызметте жаңашылдықтар мен тың бастамаларды жүзеге асыратын боламы. Сіздердің сенімдеріңізді ақтаймын деп пікірін білдірді.
Жиында сөз алған Арал аудандық Қоғамдық кеңесінің төрағасы Алдаберген Жоланов Светлана Бердімұратқызының ұзақ жылдар салаға жетекшілік етіп, аудан үшін елеулі еңбек еткенін тілге тиек етті.
Басқосуда жаңа қызметке тағайындалған Светлана Исаеваға әріптестері де өз ақжарқын ниеттерін жеткізді.

"Толқын" ақпарат
12 наурыз 2023 ж. 274 0