Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Құрмет грамотасын табыстады

Құрмет грамотасын табыстады

Бүгін аудан әкімі Мұхтар Оразбаев ұзақ жылдар бойы медицина саласында қызмет етіп келе жатқан Арал ауданаралық ауруханасының бас мейірбикесі Қалмағамбетова Жасұлан Зәкірқызын қабылдап, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығы бойынша берілген Құрмет Грамотасын табыстады.
Аудан басшысы өз сөзінде: -« Бүгінде әлемдік індетпен күресу жолында ақ халатты абзал жандар кәсіби борышын абыроймен атқарып келеді. Осы жолда аудан тұрғындарының денсаулығын нығайтып, салауатты өмір салтын қалыптастыруда сіңірген еңбегіңізге айтар алғысым шексіз! Ұлт саулығы жолындағы жауапты қызметіңізге тек сәттілік, отбасыңызға амандық, еңбекте табыс тілеймін!»-деп ізгі лебізін жеткізді.
Қалмағамбетова Жасұлан - 1959 Арал ауданына қарасты Авань ауылдық округінде дүниеге келген.
1977 жылы Қызылорда медициналық училищесіне оқуға түсіп, 1979 жылы мейірбике ісі мамандығы бойынша оқу орнын бітірген.
1979-2013 жылдар аралығында Арал аудандық орталық ауруханасының терапия және хирургия бөлімшелерінде кезекші мейірбике, аға мейірбике болып жұмыс жасаған.
2013 жылдан бастап Арал ауданаралық ауруханасында бас мейірбике қызметін абыройлы атқарып келеді.
Медицина саласындағы еңбек өтілі 41 жыл.
Жоғары санатты дәрежелі мейірбике.
Денсаулық сақтау саласындағы қажырлы еңбегі үшін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің және облыстық денсаулық сақтау басқармасының Құрмет Грамотасымен, аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталған.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.

03 шілде 2020 ж. 1 450 0