Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ирландияда Қазақстан оқушылары 4 медаль жеңіп алды

Ирландияда Қазақстан оқушылары 4 медаль жеңіп алды

Ирландияның Дублин қаласында өткен IGeO-2024 география бойынша халықаралық олимпиадада Қазақстан оқушылары жүлделі орындарды иеленді. Айтулы додаға әлемнің 50 елінен 200-ге жуық оқушы қатысқан, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқу-ағарту министрлігі біздің оқушылар бір күміс, үш қола медаль жеңіп алғанын хабарлады. Атап айтқанда, Талдыкорған қаласындағы ФМБ НЗМ 11-сынып оқушысы Ақжол Болат күміс медаль иеленді.

Жамбыл облысындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы Жомарт Сабыр, Шымкент қаласындағы ХББ НЗМ 11-сынып оқушысы Арсен Сыдықов, Шымкент қаласындағы ХББ НЗМ 11-сынып оқушысы Қанат Серікбай қола медаль жеңіп алды.

Қазақстан командасына «Дарын» РҒПО директорының орынбасары Нұрлан Жұмагелді мен «Дарын» РҒПО бөлім басшысы Мақсат Аубакиров жетекшілік еткен.

Айта кетейік, IGeO олимпиадасы 1996 жылдан бері Халықаралық географиялық одақтың (IGU) қолдауымен өткізіліп келеді.

Сурет: ашық дереккөз 
26 тамыз 2024 ж. 176 0