Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордалық оқушы Түркияда топ жарды

Қызылордалық оқушы Түркияда топ жарды

Қызылордалық оқушы Түркияда топ жарды.
Қызылорда қаласындағы №9 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатының 10 сынып оқушысы Ерасыл Сапарбеков түрік еліндегі білім додасында топ жарды.
Ол Туркияның Стамбул қаласында география пәнінен өткен халықаралық олимпиадасына қатысып, үшінші орын – «қола медаль» иеленді.
Айта кетейік, 6 күнге созылған олимпиадаға әлемнің 46 елінен 200-ге жуық оқушы қатысты. Соның ішінде Қазақстанның атынан Қызылорда, Ақтөбе және Шымкент қаласынан 4 оқушы қатысып, бақтарын сынаған болатын.

kyzylorda-news.kz​​​
17 тамыз 2021 ж. 375 0