Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Испанияда тұрғындар қауіпті вирустың таралуы себепті наразылыққа шықты

Испанияда тұрғындар қауіпті вирустың таралуы себепті наразылыққа шықты

Испанияның Севилья қаласының тұрғындары Батыс Ніл қауіпті вирусының таралуына байланысты наразылыққа шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

The Indian Express таратқан ақпаратқа сәйкес, қала тұрғындары осы жазда оңтүстік испаниялық провинцияда бес адамның өмірін жалмаған Батыс Ніл вирусына қарсы барынша батыл шешімдерді талап етіп, наразылық акциясын ұйымдастырған.
Олар билік қауіпті вирустың таралуын тоқтатуын үшін қажетт шараларды қабылдамай отыр деп айыптады.
Вирус адамға инфекция жұқтырған құстарды шаққан маса арқылы жұғады.
Севилья ауданы 61 тіркелген жағдайдың ошағына айналды. Айта кетерлігі, вирус жұқтыру дерегі бойынша өңірде 2020 жылы 76 жағдай мен сегіз өлім-жітім тіркелген болатын.
Ауру-сырқаудың 20% жағдайында бас ауыру, дене қызуының көтерілуі мен терінің бөртуі сынды симптомдар байқалады.
Кейде вирус өліммен аяқталуы мүмкін, әсіресе қарт адамдар арасында қауіп жоғары.

Сурет: ашық дереккөз
04 қыркүйек 2024 ж. 147 0